Қоғам

Алматыда жеке үйден өрт шықты

ТЖМ

Қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді

Алматыда жазғы уақытша үй-жай мен монша өртенді, деп жазады turkystan.kz Қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 22 наурыз кешкі сағат 20:29 минутта «101» пультіне Алатау ауданы «Шапағат» шағын ауданында жеке үйдің жанғаны туралы хабарлама түсті.

Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеке құрамның 41 адамы және техниканың 11 бірлігі 1 «бис» шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жіберілді.

Өрт сөндіру бригадасы аталған мекенжайға 6 минутта келді. Барлау барысында жазғы және уақытша салынған үй-жәйлары мен моншаның өртенгенін анықтады. Сондай-ақ қызыл жалын небәрі үш метр қашықтықта орналасқан көрші тұрғын үйге қауіп төндірді, - деп хабарлады департаменттен.

Қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.