Жаһан

Мәскеудегі теракт: Қаза болғандар саны 60-қа жетті

Максим Блинов / РИА Новости

Ведомство теракт құрбандарының саны артуы мүмкін екенін атап өтті

Ресей тергеу комитеті "Крокус Сити Холл" концерт залындағы терактіде қаза тапқандар саны 60 адамнан асқанын хабарлады, деп жазады turkystan.kz russian.rt.com-ға сілтеме жасап.

Ведомство теракт құрбандарының саны артуы мүмкін екенін де атап өтті.

Ал федералды қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, тағы 100-ден аса адам зардап шеккен.