Жаңалықтар

Алматыда орталық көшедегі жол опырылып кетті

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Бүгін Алматының Медеу ауданында жол опырылып түсті, деп хабарлады turkystan.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға топырақтың батпақтануынан болған. Қала әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді.

Оқиғаның видеосын Данияр Өмірзақов есімді Facebook қолданушысы жариялаған. Одан жолдың опырылып, апат болған жердің қоршалғанын көруге болады. Медеу ауданы әкімдігінің хабарлауынша, топырақтың батпақтануы салдарынан Жамақаев көшесінің бойындағы жол жиегінде үзік-үзік қираулар болған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.