Жаңалықтар

Парижде ЮНЕСКО өкілдері Наурыз мерекесін атап өтті

Gov.kz

Іс-шарада қазақстандық «Астана сазы» ансамблінің әртістері де өнер көрсетті.

Түрлі ұлт пен ұлысты ұйыстырған ұлық мерекеде дипломаттар дастархан жайып, 7 түрлі дәмнен Наурыз көже әзірлеген, деп хабарлады turkystan.kz.

24kz сайтының мәліметінше, концерттік бағдарлама ұйымдастырып, әсем ән, көркем бимен мерекенің көркін аша түсті. 

Іс-шарада қазақстандық «Астана сазы» ансамблінің әртістері де өнер көрсетті. Наурыз мерекесін әлемде 300 млн-ға жуық халық тойлайды. Ал ресми түрде Азияның 12 елі, Үндістан, Қытай, Түркия және Ирак жұрты атап өтеді. Биыл бұл тізім жаңарып, қатарға Моңғолия да қосылды. 

Моңғолияда жыл сайын дәстүрлі Наурыз мерекесін атап өтетін қазақтардың үлкен қауымдастықтары бар. Біз де олармен бірге ұлық мерекені атап өтіп, әрі қазақтың бай мәдениетімен танысуға мүмкіндік аламыз, - деді Моңғолияның Франциядағы елшісі Нямхуу Уламбаяр.

Енді Наурызды ресми тойлайтын елдер тізіміне кіретініміз бізді ерекше қуантады.  

Мен Наурызнама тұжырымдамасын ерекше құрметтеймін. Көктемнің келуімен басталатын осы мерекеде тек жақсы ойлар ойлауымыз керек. Әсіресе, бұл бастама, біз өмір сүріп жатқан қиын заманда өте маңызды. Сондай-ақ осы мерекені атап өтетін елдер тізімінің кеңейгені де қуантады,- деді ЮНЕСКО бас конференциясының президенті Симона-Мирела Микулеску.