Жаңалықтар

Әлемнің 26 елінде қазақ күйлері күмбірлейді

Бұл үрдіс жыл сайын қайталанатын дәстүрге айналып, ал шетелдік радиостанциялар қоры басқа да қазақтың музыкалық шығармаларымен толығады деп жоспарлануда.

Наурыз мейрамы аясында бес құрлықта танымал қазақ күйлері күмбірлейді, деп хабарлады turkystan.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Күйші Құрманғазы, Дайрабай Ерназарұлы және Түркеш Қалқаұлының композицияларын 26 елдің радио тыңдаушылары тыңдамақ.

Тізімде Түркия, Иран, Болгария, Испания, Литва, Латвия, Венгрия, Хорватия, Польша, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Бразилия, АҚШ, Қытай, Үндістан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайланд, Марокко, Эфиопия және Оңтүстік Африка радиостанциялары бар. 

Шетелдік радиостанцияларда қазақ күйлерін ротациялау ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігімен ұйымдастырылды.

Шетелдік радиостанцияларда ротациялау үшін Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің орындауындағы «Көңілашар», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Серпер», «Дайрабайдың күйі» композициялары жіберілді.

Сондай-ақ, ведомство басшысы радиостанциялардың қазақ шығармаларына деген қызығушылығы осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажеттігін айғақтайтынын атап өтті. Бұл үрдіс жыл сайын қайталанатын дәстүрге айналып, ал шетелдік радиостанциялар қоры басқа да қазақтың музыкалық шығармаларымен толығады деп жоспарлануда.