Жаңалықтар

Қазақстанда іздеуде жүрген қылмыскер Бішкекте ұсталды

Instagram/guvd_bishkek

Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктің ұсталғанын мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары ұсталған азаматтың халықаралық іздеуде екенін жеткізді.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша халықаралық мемлекеттік іздеуге жарияланған 1993 жылы туған шет мемлекеттің азаматы Бішкек қаласының аумағында жасырынып жүргені туралы ақпарат келіп түсті», –делінген Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының мәлімдемесінде.

Онда ер адамның бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден жалтарғаны үшін бап бойынша іздеуде жүргені атап өтіледі.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары оның орнын анықтап, ұстаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

«Кейін экстрадициялау және Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактісіне құқықтық баға беру мәселесі шешілетін болады», – делінген ақпаратта.