Жаңалықтар

Бүгін – Ынтымақ күні

Ынтымақ күні – ел үшін маңызды тарихи оқиғалар мен ұлттың жетістіктерін еске алу уақыты.

Бүгін Наурызнама онкүндігінің күнтізбесі бойынша Ынтымақ күні.

Ынтымақ күні – ел үшін маңызды тарихи оқиғалар мен ұлттың жетістіктерін еске алу уақыты, сонымен қатар елдегі әртүрлі топтар мен қоғамдық топтарды біріктірудің маңыздылығын білдіреді.

Бұл күнгі іс-шаралар біздің мәдениетіміз бен шығармашылық әлеуетіміздің жан-жақтылығын көрсетеді. Шығармашылық топтардың мерекелік қойылымдарынан бастап ұлттық тағамдар гастрофестиваліне дейін, ұлттық спорт түрлерінен жаппай жарыстардан бастап шығармашылық алаңқайларына дейін – мұның бәрі әралуандылық біздің артықшылығымыз екенін еске салып, бірігуге жол ашады.