Жаңалықтар

Балжан Бидаш «Егіз-лебіз» жобасындағы жұбы жайлы пікір білдірді

instagram/konysbayev7

Өнер иесінің сахнадағы жұбы, футболшы – Ұлан Қонысбаев.

Балжан Бидаш «Егіз-лебіз» телевизиялық жобасындағы жұбы туралы «Өмір көркем» бағдарламасында айтты.

Өнер иесінің жұбы, футболшы – Ұлан Қонысбаев.  

«Ұлан екеуміз бірнеше бағдарламадан өттік. Әр бағдарлама сайын тәжірибе алып жатырмыз. Ұланға әнші болмасқа болмады. Сахнадағы дайындық бар, түсірілім, қобалжу бар. Мен көп дайындалып, дайындыққа шақыратын тәлімгер емеспін. Ұлан осы жылы маған сәтті жұп болды. Әнге икемі бар. Караокеден шықпайтын жігіт. Бағдарламаға дайындалып, арасында ұрысып қоятыным бар. Ол – Астанада, мен – Алматыдамын. Екеуміз екі жақта дайындалдық. Бірақ ешқандай қиындық тудырмады», – дейді әнші. 

Сонымен қатар, алғашқы күндері футболшы түрлі сахналық образдарды ұнатпай қалған.

«Ұлан бағдарламадағы образды киіп, кішкене шошыды. "Мүмкін басқасын киеміз» деп уайымдап қалды. Өмір бойы спорттық киім киіп келген жігіт, сахнаның жылтырақ костюмін киюге қиналды. Бірақ эфир шыққаннан кейін өзін экраннан көріп, үйреніп кетті. Өзіне де ұнады. Қазір бермесең, тартып алып киеді. Өте ақкөңіл, тәрбиелі, жақсы жігіт. Ата-анасы өте керемет, әр эфирден қалмай, бізге қолдау білдіріп келеді. Бір күні ата-анасы бешбармақ әкеледі, бір күні Ұлан жеміс-жидек әкеледі. Бізді еркелетеді, қамқор», – деді өнер иесі.