Тимур Турлов Қазақстан құрамасы Грекияны жеңсе, 100 млн теңге сыйақы бермек
Грекия – Қазақстан арасындағы кездесу наурыздың 21-інен 22-іне қараған түні Афинада өтеді.
Freedom Broker бас директоры, ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшесі Тимур Турлов Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының плей-офф кезеңінде Грекияны жеңсе, 100 млн теңге сыйақы бермек, деп хабарлайды turkystan.kz YEDILOV ONLINE телеграм-каналына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы осы аптадан бастап Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. Грекия – Қазақстан арасындағы кездесу наурыздың 21-інен 22-іне қараған түні Афинада өтеді. Бұл ойында жеңіске жеткен команда финалда Грузия мен Люксембург құрамаларының арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Ал финалда жеңген құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады.