Оңтүстік Корея тұрғындары үй жануарларының орнына тас сатып алып жатыр

20 наурыз, 2024 / Ербұлан Қайрат
сурет: Wall Street Journal
Олар тастарды жаңа үй жануарлары деп атай бастаған.

Шамадан тыс жұмыс істейтін 35-40 жастағы Оңтүстік Корея тұрғындары үй жануарларының орнына тас сатып алып жатыр. Бұл – олардың күйзеліс және жалғыздықпен күресі, деп жазды Wall Street Journal. 

Енді оңтүстік кореялықтар үшін тас – үнсіз дос: оны қалтаға салып алып жүруге, проблемаларды айтуға, серуендеуге шығаруға болады. Және жауапкершілік жоқ.

Олар тастарды жаңа үй жануарлары деп атай бастаған.

 

Тэгтер:

Оңтүстік Корея күйзеліс тас