Спорт

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Олимпиада жолдамасына таласуы мүмкін – бапкер

olympic.kz

Ризабектің бұрынғы жеке бапкерінің айтуынша әлем чемпионының жолдамаға таласуға әлі мүмкіндігі бар.

Еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан осы жазда Парижде өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасына таласа алады, деп хабарлайды turkystan.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап. 

Еске сала кетейік, 19 жастағы Ризабек Айтмұхан ақпанда Қазақстан чемпионатының финалында Әлішер Ерғалидан жеңіліп қалған болатын. Нәтижесінде ел чемпионы атанған Әлішер Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Олимпиада жолдамасы таратылатын іріктеу туриниріне қатысатын болады. Алайда, Ризабектің бұрынғы жеке бапкерінің айтуынша әлем чемпионының жолдамаға таласуға әлі мүмкіндігі бар.

"Ризабекте жолдамаға таласуға мүмкіндік бар. Қазір Әлішер Бішкекте өтетін азиялық іріктеу турнирге аттанады. Ол жарыстан соң Түркияда тағы бір лицензиялық турнир өтеді. Егер Әлішер Бішкекте жолдама ала алмаса, Айтмұхан Түркияда өтетін жарысқа бара алады", – дейді балуанның бұрынғы бапкері.