Жаңалықтар

Соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісіне 2 рет ота жасалды

Кеше жәбірленушіге екінші ота жасалды.

Қарағандылық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы 26 қаңтарда кезекшілік барысында бейтаныс азаматтан бірнеше соққы алып, денсаулығына зиян келген. Кеше жәбірленушіге екінші ота жасалды, деп хабарлады turkystan.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында жәбірленушінің қорғаушысы бүгінгі сот отырысында мәлімдеді. Соққығы жығылған жедел жәрдем жүргізушісінің адвокаты Бағдад Хасеновтың айтуынша, Т.Берікқалиұлының сотқа келмеу себебі кеше Қарағандыдағы Х.Ж.Мақажанов атындағы клиникада оған мұрын резекциясы бойынша ота жасалған.

Қорғаушы күдіктіге тағылған айып тым жеңіл деп санайтындығын айтты. Оның сөзінше, күдіктіге қатысты іс 2 бап бойынша қозғалу керек. Оның біріншісі «Денсаулыққа қасақана орташа деңгейде зиян келтіру» және екіншісі «Бұзақылық» бабы.

Еске салайық, бүгін Қарағандыда кезекшіліктегі жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатқанын жазған болатынбыз. Қылмыстық іс «Бұзақылық» бабы бойынша қозғалған.