Қоғам

Алматыда жатақханаларды жекешелендіремін деп жалған уәде берген күдікті ұсталды

Полиция қызметкерлері зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Алматыда жатақханаларды жекешелендіремін деп жалған уәде берген күдікті құрықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, азаматтардың сеніміне кіріп, күдікті алматылықтарға ақшалай сыйақы үшін жатақханаларын жекешелендіріп беруге уәде еткен.

Ол жатақханадағы пәтерлерді сатып алып, заңдастыруды, қажет болған жағдайда қоғамдық қор арқылы несие алуды ұсынған. Бірақ бұл «қызметтер» үшін алдымен ақы төлеу керек болды.

Полиция қызметкерлері зардап шеккендердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-702-646-43-46; 8-778-591-91-35 және 8-778-481-19-00.