Спорт

Елімізде қанша адам ұлттық спортпен шұғылданады?

Бүгінде республикада 12 спорт клубы және Ұлттық спорт түрлері бойынша 13 спорт мектебі бар.

Статистикалық дерекке сәйкес, елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқаны байқалады, деп хабарлады turkystan.kz.

Туризм және Спорт министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы ел бойынша Ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданатындар саны 584,1 мың адамды құраса, 2023 жылғы көрсеткіш 619,2 мың адамға дейін өскен.

Сәйкесінше, секцияларда дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 8,7% құрады. Қазіргі таңда Ұлттық спорт бойынша 1 488 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде 928 бапкер ауылдық жерлерде еңбек етеді.
 


Бүгінде республикада 12 спорт клубы және Ұлттық спорт түрлері бойынша 13 спорт мектебі бар.