Жаңалықтар

Мәжіліс адам саудасына қатысты заң жобасын мақұлдады

Бұдан басқа адам саудасының барлық түрі бойынша қылмыстық заңнамаға сілтеме нормалары қаралды.

Мәжіліс депутаттары «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің сөзінше, заң жобасымен «адам саудасының құрбаны», «адам саудасының ықтимал құрбаны», «осал жағдай» және «адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері» сияқты бірқатар жаңа ұғымдар енгізіледі.

Бұдан басқа адам саудасының барлық түрі бойынша қылмыстық заңнамаға сілтеме нормалары қаралды. 

Қылмыстық кодекске «адам саудасымен байланысты қылмыстар» ұғымы енгізіледі; жасау тәсілдері бойынша «адамды қанау» ұғымы кеңейтіледі; Қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі, яғни «притон ұстау және жеңгетайлықты» «Интернет желісі арқылы» жасау деген жаңа саралау белгісі көзделді, деп атап өтті министр.