Ұлттық спорт күні: Ат омырауластыру ойыны туралы естуіңіз бар ма?
Екі қатысушы сол шеңбердің ішінен аттарымен бірін-бірі итеріп шығаруы керек.
Көпшілігіміз атқа байланысты ұлттық ойын түрлерін, атап айтсақ, жорға жарыстыру, қыз қуу, көкпар тарту, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу секілді ойындарды жақсы білеміз. Ал ат омырауластыру ойыны туралы білетініміз шамалы. Бұл ойынға қанша адам қатыса алады? Ережесі қандай?
Ат омырауластыру – қазақтың ұлттық ойыны.
Бұл ойын көгалда немесе борпылдақ жерде өткізіледі. Ойынға екі адам қатысады. Жалпы, бұл ойынға қатысушылар саны шектелмейді. Ойын басталардан бұрын ортадан кең шеңбер сызылады. Екі қатысушы сол шеңбердің ішінен аттарымен бірін-бірі итеріп шығаруы керек. Кімнің атының артқы екі аяғы шеңбер сызығының сыртында қалса, сол ойыншы ұтылған болып есептеледі. Қатысушылардың қолында ештеңе болмау керек. Әрі олар ат үстінде біріне-бірі қол тигізбеулері керек.