Түркістан облысында құдыққа құлап кеткен келіншек көз жұмды
Оқыс оқиға Түлкібас ауданындағы Майлытөбе ауылында болған.
Түркістан облысында 29 жастағы келіншек тереңдігі 40 метрлік құдыққа құлап, көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz «КТК» арнасына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Түлкібас ауданындағы Майлытөбе ауылында болған. Марқұм ашық алаңда тұрған дренаж құдыққа құлаған. 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегін жіберіп отырды.
Арада үш сағат өткен соң беліне арқан байлаған құтқарушылардың бірі тереңде жатқан қызды алып шыққан. Алайда жер бетіне шығарылған келіншек көз жұмды. Қазір оны әлдекімнің итеріп жібергені, әлде байқаусызда құлағаны тексеріліп жатыр.