Жаңалықтар

Баянауыл ауданындағы Біржанкөлге сирек кездесетін аққулар қонды

pixabay.com

Сыбырлақ аққуы Еуропа мен Азияның солтүстігінде тұрады.

Ұлттық парктің қызметкерлері құстарды Біржанкөл көлінде көрді, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Аждар Жүсіповтің мәлімдеуінше, ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары кешеден бастап патрульдеу кезінде  сыбырлақ тұқымдас алғашқы аққуларды бақылап келеді.

Сыбырлақ аққуы Еуропа мен Азияның солтүстігінде тұрады. Барлық жерде өте сирек кездеседі. Алайда, адамның көмегімен аққулардың бұл түрі Солтүстік Америкада, Оңтүстік Африкада және Австралияда сәтті жерсініп кетті. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Беларусь аумағында жоғалып кеткен еді. Жойылу нәтижесінде құстардың пайда болуы мен қалпына келуі олардың Литва мен Польшадан қоныстануымен байланысты.

Аққулардың мойны өте ұзын, денесі мен басы орташа мөлшерде, тұмсығы сарғыш-қызыл, оның негізінде өзіне тән қара өсінді бар. Сыбырлақ тітіркенген кезде пайда болатын дыбысқа байланысты аталған. Ұзындығы 180 см-ге жетуі мүмкін, ұрғашыларының салмағы 5,5-6 килограмм, еркектері 8-13 килограмм (жеке дарақтардың салмағы 22,5 килограммға дейін жетуі мүмкін). Аққудың қанаттарының ұзындығы - шамамен 240 см.