Жаңалықтар

Наурыз мерекесіне орай Ақтауда жолаушылар автобуспен тегін жүреді

Қалалық қоғамдық көліктерде жүру тегін болады.

Ақтауда 22 наурыз күні Наурыз мейрамына орай қалалық қоғамдық көліктерде жүру тегін болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Mangystaumedia.kz сайтының мәліметінше, қала тұрғындары мен қонақтары №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 маршрут автобустарында тегін қатынай алады.

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейіловтің айтуынша, автобустар тұрақты кестеге сәйкес жүреді.