Жаңалықтар

Қажет Смағұл Нұрлан Қоянбаевпен қарым-қатынасы жайлы қауесетке нүкте қойды

Өнер иесі кинопродюсермен жақсы араласатынын айтып, «Қазақша бизнес» фильміне түспей кеткеніне оның еш қатысы жоқ екенін жеткізді.

Танымал актер Қажет Смағұл Нұрлан Қоянбаевтың «Қазақша бизнес» фильмінің соңғы екі бөліміне не себепті түспегенін түсіндірді.Сондай-ақ ол белгілі кинопродюсермен бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін айтты.

Қажет Смағұл ел арасында Нұрлан Қоянбаев екеуі ұрысып қалғаны жайлы қауесетке нүкте қойды. Өнер иесі кинопродюсермен жақсы араласатынын айтып, «Қазақша бизнес» фильміне түспей кеткеніне оның еш қатысы жоқ екенін жеткізді.

Актердің айтуынша, киноға кім түсетінін сценаристер шешеді.