Қазақстанда балабақшаға кезек алудың бірыңғай базасы әзірленді

19 наурыз, 2024 / Меруерт Сағымхан
eskeldi-eli.kz
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Елімізде мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті есепке алудың бірыңғай базасы әзірленді. Бұл туралы turkystan.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Жоба қазіргі уақытта Қарағанды облысының Шахтинск қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында, Атырау және Шымкент қалаларында, сонымен қатар Павлодар облысының 8 ауданында пилоттық режимде іске асырылып жатыр.

Тэгтер:

Қазақстан Балабақша балабақшаға кезек біріңғай база