Жаңалықтар

Қазақстан-Қытай шекарасы үш күнге жабылады

gov.kz

Наурыз мерекесіне орай, Қазақстан-Қытай шекарасы автокөлік үшін үш күнге жабылады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, Қазақстан-Қытай шекарасы автокөлік үшін үш күнге жабылады, деп хабарлады turkystan.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасында 2024 жылғы 21-23 наурыз аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды, - делінген хабарламада.

Комитет теміржолдағы өткізу пункттері әдеттегідей жұмыс істейтінін атап өтті және тасымалдаушылар мен азаматтарды аталған шектеуді ескере отырып, маршрутты алдын ала жоспарлауға шақырды.