Жаңалықтар

Жаңбыр, қар, көктайғақ: Синоптиктер 9 өңірде ескерту жасады

Turkystan.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 19 наурызда елдің тоғыз өңірде жауын-шашын жауып, көктайғақ болатынын және тұман түсіп, екпіні күшті жел соғатынын ескертті.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік, оңтүстік-батыс жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады.