Қоғам

Астанада ұлттық киім киген 500-ден астам мәдениет қызметкері флешмобқа шықты

Флешмобтың мақсаты – ұлттық киімдерді насихаттау және мәдениетті дамыту.

Науырзамның онкүндігі аясында 18 наурызда атап өтілетін ұлттық киім күні елорданың мәдениет ұйымдарының қызметкерлері ауқымды флешмоб өткізді, деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Би флешмобы Астанада «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің аумағында өтті. Елорданың мәдениет мекемелерінің 500-ден астам қызметкері «Қошқар мүйіз» ою-өрнегі бейнелеген ұлттық киіммен шықты.

«Жастар» сарайының директоры Сергей Солодовниковтың айтуынша, флешмобтың мақсаты – ұлттық киімдерді насихаттау және мәдениетті дамыту. Қазақ ұлттық киімі Наурыз мерекесі мен қазақ мұрасының ажырамас атрибуты болып саналады.