Жаңалықтар

Мақпал Жүнісова концертіне келген тыңдарманынан бағалы сыйлық алды

Концертке келген әйел әншінің қолына жүзік тағып, арқасына орамал жапты.

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпірінде жеке ән кешін өткізіп жүр. Кезекті бір концертте өнер иесіне тыңдарманы гауһар тасты жүзік таққан.

Аталмыш сәттің видеосын Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасына жариялады.

 Видеода концертке келген әйелдің әншінің қолына жүзік тағып, арқасына орамал жапқанын көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін жарыса жазды.