Қоғам

Түркістан облысында еден жуушы оқушының телефонын қолды қылған

Ұрлап алған телефонын әйел сатып жіберген.

Түркістан облысында еден жуушы оқушының телефонын қолды қылған, деп хабарлады turkystan.kz.

Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. 

Polisia.kz сайтының дерегінше, белгілі болғандай, ұрлық қылмысына барған күдікті әйел мектепте еден жуушы болып жұмыс жасаған.

Тәртіп сақшылары күдіктінің сатып жіберген телефонын тауып, заңды иесіне табыстады. Қазіргі таңда күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.