T-LIFE

Арықтау үшін жұмыртқаны қай кездеу жеу керек – зерттеу

pixabay.com

Америкалық зерттеушілер арықтау үшін оны қай уақытта жеу керек екенін айтты

Жұмыртқа – ағзаға өте пайдалы әрі ақуызға бай тағам. Әрі ол артық салмақтан арылуға көмектеседі. Мамандар арықтау үшін оны қай уақытта жеу керек екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

Көпшілік жұмыртқаны таңғы ас кезінде жегенді құп көреді. Алайда америкалық зерттеушілердің зерттеуіне сенсек, артық салмақтан арылу үшін жұмыртқаны кешкі уақытта жеген дұрыс.

Бір жағынан, жануар ақуызы өсімдік ақуызына қарағанда оңай сіңеді. Сондықтан жақсы ұйықтау үшін мұны кешке жеген дұрыс. Екінші жағынан, ағза ақуызды ыдырату үшін көп энергияны қажет етеді, әсіресе ұйқы кезінде. Ал бұл майды кетіруге септігін тигізеді.

Сонымен қатар, жұмыртқада ақуыздың көп болуы кешке қандағы қант деңгейінің өзгермеуін қамтамасыз етеді. Бұл жақсы ұйықтауға оң әсерін тигізеді.