Қоғам

Өскеменде аялдамадан ер адамның мәйіті табылды

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.

Өскемен қаласында жылы аялдама павильонынан адам мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына қаладағы Назарбаев даңғылында орналасқан жылы аялдама павильонында адам мәйіті жатқандығы туралы хабар түсті.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған. Ведомство дерегінше, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.