Қазақстандық гимнастшылар Грекияда 3 алтын жеңіп алды
Жалпы жеке жаттығу сайысында 32 елден 79 спортшы бақ сынады.
Қазақстандық көркем гимнастикашылар Грекияда өткен халықаралық турнирде 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Атап айтсақ, қазақстандық спортшылар доп жаттығуы, ұршық жаттығуы және лента жаттығуы бойынша жүлделерді сарапқа салған болатын.
Жарыс қорытындысы:
Доп жаттығуы:
1-орын – Қазақстан - Эрика Жайлауова — 32.650 ұпай. 2-орын – Жапония - Наруха Сузуки — 32.650 ұпай. 3-орын – Қазақстан - Айбота Ертайқызы — 32.500 ұпай.
Ұршық жаттығуы: 1-орын – Қазақстан - Айбота Ертайқызы — 32.000 ұпай. 2-орын – Германия - Панажиота Литра — 31.150 ұпай. 3-орын – Қазақстан - Милана Парфилова — 31.000 ұпай.
Лента жаттығуы 1-орын – Қазақстан - Айбота Ертайқызы — 32.050 ұпай. 2-орын – Қазақстан - Милана Парфилова — 31.450 ұпай. 3-орын – Жапония - Рейна Матсусака — 30.450 ұпай.
Жалпы жеке жаттығу сайысында 32 елден 79 спортшы бақ сынады.