18 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
"Қазгидромет" мамандары 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады.
Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс байқалады, ал батыс өңірде көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі.