Қоғам

Алматыда жоғалып кеткен жасөспірім табылды

optimism.kz

Жасөспірімді іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты

Алматыда полицейлер бірнеше тәулік бойы іздеуде болған жоғалған 15 жастағы жасөспірімді тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, кәмелетке толмаған бала Нұркент шағын ауданында, "Алматы Арена" спорт кешенінің маңында табылды.

Айта кетейік, жасөспірімді іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювеналды полиция қызметкерлері мен еріктілер қатысты.