Қоғам

Ауызашардан кейін темекі шегуге бола ма? – имам жауабы

gov.kz

"Бөлінгеннен гөрі, бәріміз жиналып, бір болуға тырысайық" дейді имам

Ауызашардан кейін бірден темекі шегуге бола ма? Бұл сұраққа Нұрлан имам жауап берді, деп жазады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Негізі шекпеген дұрыс қой. Бірақ, егер ол адам 10-15 жыл бойы темекі шегетін болса, ораза кезінде оны тастау қиын болады. Сондықтан оған уақыт беру керек. Бәріміз ол адамға бұл арам деп айтатын болсақ, ол темекі тастай алмайтынын айтып, ораза ұстаудан бас тартады. Одан да оны қолдайық, бәріміз теңбіз ғой. Неге біз бір-бірімізді төмендетеміз? Неге кейбір адамдар намаз оқып бастаған кезде адамдарды екіге бөліп бастайды? Мен бұлай жасай алмаймын. Ұлтымыз бір, әр қазағым - жалғызым, мен оларды бөлмеймін, намаз оқыса да оқымаса да, тіпті ішімдікке салынған болса да, ол менің бауырым. Осы себепті бәріңізден адамдарды бөлмеуді сұраймын. Қоғам жұмыста да, көшеде де, мешітте де бөлінеді. Бөлінгеннен гөрі, бәріміз жиналып, бір болуға тырысайық, - деп жауап берді имам.