Жедел жәрдем қызметкерлері қоқыс арасынан бала тауып алды

17 наурыз, 2024 / Ақмарал Берекет
egemen.kz
Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ

Алматыда жедел жәрдем бригадасы үйілген қоқыс арасынан жалғыз жүрген баланы тауып алды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері (дәрігер Молдашева А.К. фельдшер Каленов Б.М. жүргізуші Нарботанов А.С.) түнгі 22:00 шамасында қоқыс маңында жалғыз жүрген 2-3 жасар баланы байқаған. Қатты суықта тоңып жылаған бүлдіршінді дәрігердер дереу жылы киіндіріп, көлікке отырғызды, - делінген жазбада.

Кейін бірден полиция шақырғаны айтылған. Сөйтіп бүлдіршін анасына табысталған. Ол баласын көше кезіп іздеп жүргені белгілі болды. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Тэгтер:

Алматы оқиға