Спорт

Қазақстандық 8 боксшы Сербиядағы турнирдің финалына өтті

Спортты дамыту дирекциясы

Ел намысын қорғаған 12 спортшының 8-і финалға шықты

Сербия астанасы Белградта бокстан өтіп жатқан дәстүрлі Бранко Пешич турнирінің финалына шыққан спортшылар белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ел намысын қорғаған 12 спортшының 8-і финалға шықты.

Финалда жұдырықтасатын боксшыларымыз:

48 келі: Ернұр Қайрат

51 келі: Санжар Тәшкенбай

54 келі: Дәулет Молдашев

71 келі: Сабыржан Аққалықов

75 келі: Диас Молжігітов

80 келі: Ерасыл Жақпеков

92 келі: Данияр Рахымбердинов

92+келі: Олжас Боқаев.