Жетісу облысында серуендеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды
Жоғалған адамның ұялы телефоны жоқ болғаны іздеуді қиындатқан
Жетісу облысында серуендеуге шығып, жоғалып кеткен ер адам табылды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Қаратал ауданының полициясына жергілікті тұрғын үйден серуендеуге шығып оралмаған ағасын іздеуде көмек көрсету туралы арызбен жүгінді.
Учаскелік полиция инспекторлары дереу іздеуді бастаған. Мән-жайды анықтау барысында жоғалған ер адамның 2-топтағы мүгедек екендігі анықталды. Жоғалған адамның ұялы телефоны жоқ болғаны іздеуді қиындатқан.
Жүргізілген ауқымды іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қаратал ауданының полицейлері жоғалып кеткен сәттен бастап бесінші күні оны тауып, туыстарына қайтарды.