Әлем чемпионаты: Денис Никиша шорт-тректен күміс жүлде иеленді

16 наурыз, 2024 / Ақмарал Берекет
Спортты дамыту дирекциясы
Ол 500 метр қашықтықта 41.676 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды

Қазақстандық спортшы Денис Никиша шорт-тректен Роттердам қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол 500 метр қашықтықта 41.676 нәтижемен мәре сызығын екінші болып қиды. Қытайлық Сяоцзюнь Лин 41.592 көрсеткішпен әлем чемпионы болса, канадалық Джордан Пьер-Жиль (52.289) үздік үштікті аяқтады.

Тэгтер:

әлем чемпионаты Денис Никиша шорт-трек