Қоғам

Игі істер марафоны: Астана тұрғындарына 1 000 азық-түлік себеті таратылды

Іс-шараны елорда әкімдігі «Астана жастары» еріктілерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Қасиетті Рамазан айы мен Наурыз мерекесіне орай елордада көмекке мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себеттері таратылды. Акция «Игі істер марафоны» аясында өткізілді, деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны елорда әкімдігі Qazaq oil компаниясымен және «Астана жастары» еріктілерімен бірлесіп ұйымдастырды.

Бүгін көпбалалы ана Роза Сырбекова азық-түлік себеттерінің бірін алды. Ол акция ұйымдастырушыларына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Елордада азық-түлік себеттері жыл сайын таратылады. «Игі істер марафоны» қайырымдылық акциясы жыл соңына дейін жалғасады.