Спорт

17 жастағы қазақстандық таеквондошы Олимпиада жолдамасын ұтып алды

Батырхан – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада чемпионы.

Тайань (Қытай) қаласында таеквондодан өтіп жатқан Азия аймақтық лицензиялық турнирінде қазақстандық Батырхан Төлеуғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырдан жартылай финалда Сауд Арабиясы өкілі Әли-Мабрук-әл -Мабрукты жеңді. 

Осылайша, 17 жастағы спортшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алды.

Батырхан – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада чемпионы.