Үндістанда мектеп төбесіне шыққан ата-аналар оқушылардың емтихан тапсыруына көмекпеспек болған
Әлдебіреу емтихан сұрақтарын түсіріп, емтихан өтіп жатқан мектептің артындағы көлік тұрағында күтіп тұрған ата-аналарға жіберген.
Үндістанда мектеп төбесіне шыққан ата-аналар оқушылардың емтихан тапсыруына көмекпеспек болған, деп хабарлайды turkystan.kz Odditycentral-ға сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Үндістанның Харьяна штатында 10-сынып оқушыларының ата-аналары мен туыстарының мектептің төбесіне шығып алған сәті таспаланған видео кеңінен таралды.
Көпшілік оқушылардың ата-аналары емтихан жауаптарын көшіріп беруге көмектесті деген шағым айтуда. Алайда мектеп өкілдері ешкім көшіріп бермегенін, ата-аналардың өз балаларына көмектескісі келгенін айтады.
Белгілі болғандай, әлдебіреу емтихан сұрақтарын түсіріп, емтихан өтіп жатқан мектептің артындағы көлік тұрағында күтіп тұрған ата-аналарға жіберген. Сосын олар қабырғаларға «өрмелеп» шығып, мектептің төбесіне шыққан.