T-LIFE

Қазақстандықтар жылқы етін жеуден 13 жылғы рекордты жаңарты

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Кейінгі жылдары жылқы етін тұтыну көрсеткіші айтарлықтай өскені байқалады.

2023 жылғы IV тоқсанда Қазақстанда жылқы етін жан басына шаққандағы орташа тұтыну – 1,97 келі, бұл 2011 жылдың басынан бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Бірінші кредиттік бюро Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Кейінгі жылдары жылқы етін тұтыну көрсеткіші айтарлықтай өскені байқалады.

Барлық ет түрінің ішінде жылқы еті сиыр етінен кейінші екінші орында тұр. Дегенмен, алшақтық үлкен. Сиыр етін тұтынудың орташа көрсеткіші – 6,61 келі, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 7%-ға артық және 2015 жылғы рекордтық көрсеткішке сәл ғана жетпейді.