Жаңалықтар

Жетісулықтар Қанатқа ат мінгізді

ашық дереккөзі

Жетісулықтар Қанатқа ат мінгізді

Қазақтың даңқты боксшысы, WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымдары бойынша кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Қанат Ислам бүгін Жетісу өңіріне келді. Жанкүйерлермен кездесу кезінде  жетісулықтар спортшыға ат мінгізіп, шапан жапты. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады. 

Алматы облысына  арнайы келген кәсіпқой боксшыны көруге келгендер жер-жерден ағылды. Жергілікті жұртпен кездесу өткізген батырды қолдап-қолпаштаған жұрттың санында есеп жоқ. Жанкүйерлермен кездесу кезінде ақсақалдар оған батасын беріп, Жетісу халқы ат мінгізіп, шапан жапты. «Осылай құрметтеп жатқандарыңызға, ыстық ықыластарыңызға алғыс білдіремін. Пенде болғаннан кейін әлсіз жерлерім де бар. Бірақ алдағы уақытта еліміздің көк туын желбірете беру үшін барымды саламын», – деді жанкүйерлерімен жүздескен Қанат Ислам. Кәсіпқой рингте 23 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен Қанат Ислам соңғы рет 18 ақпанда бразилиялық Робсон Ассиспен жекпе-жекке шығып, бірінші раундта нокаутпен жеңгенін еске сала кетейік.