Жаңалықтар

Қазақстан аумағынан 7 африкалық азамат шығарылды

Polisia.kz

Олардың барлығына 5 жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Алматы да «Мигрант» операциясы аясында көші-қон ережелерін бұзғаны үшін ел аумағынан 7 африкалық азамат шығарылды.

Алматы қаласының полицейлері көші-қон ережелерін бұзғаны үшін ел аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындаудан қашып жүрген шетелдіктерді анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

Іс-шараның үш күнінде көші-қон заңнамасын бұзғандарды ел аумағынан шығару туралы 504 сот шешімі шықты. 62 шетелдік күштеп шығарылды. Олардың барлығына 5 жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Осылайша полицейлер Алматы қаласы әкімдігінің көмегімен Африка континентінің 7 тұрғынын азаматтық алған елдеріне күштеп шығарып жіберді.

Аталған шетелдіктер белгіленген мерзімде Қазақстаннан шықпай, еліміздің көші-қон заңнамасын бұзып, сот қаулысымен ҚР шегінен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.