Жаңалықтар

Бұрынғы сот орындаушысы 6 млн теңге жымқырған

gov.kz

Ақпаратты 15 наурызда Қостанай облысының прокуратурасы таратты.

Қостанай облысында бұрынғы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Ақпаратты 15 наурызда Қостанай облысының прокуратурасы таратты.

«Бұрынғы «Н» жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Бұл ақша қаражаттары – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.