Жаңалықтар

Алматыда екіқабатты тұрғын үй өртенді

Қызыл жалын 200 шаршы метр аумақты жалмаған.

Алматыда Байтұрсынов көшесінің қос тарапы, атап айтқанда Абай мен Сатпаев көшелері қиятын бөлігі жабылды. Оған себеп - екі қабатты тұрғын үйден шыққан өрт. 

14 наурызда сағат 20:24-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Байтұрсынов көшесі мекенжайына аттанды.