Тұман, жел: 15 наурызға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК ел аумағында 15 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, соның әсерінен қар түріндегі жауын-шышын, Алматы, Жетісу облыстарының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын болады.
«Тек ҚР батысында, оңтүстік-батысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, батысында шаңды дауыл соғады», — делінген ақпаратта.