Павлодарда бойжеткен төртінші қабаттан құлап кетті
Зардап шеккен қыз реанимацияға жатқызылды.
Павлодарда 18 жастағы қыз төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, бойжеткеннің жағдайы ауыр.
14 наурызда сағат 13:04-те Ген. Дүйсенов мекенжайындағы тұрғын үйдің төртінші қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама түсті. Медициналық бригада төрт минуттың ішінде жетті.
№1 қалалық ауруханада қыздың жағдайы ауыр екенін хабарлады.
Зардап шеккен қыз реанимацияға жатқызылды. Оның жамбас сүйектері сынған және басқа да ауыр жарақаттар алған, – деді ауруханада.
Оған сыртқы бекіту аппараты орнатылды. Алдағы уақытта дәрігерлер ота жасауға қатысты шешім қабылайтын болады.