Қоғам

Астанада түрлі этнос өкілдері Көрісу күні мерекесін атап өтті

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Ырыскелді Қажы» мешітінің имамы Яхия қажы Исмаилов та қатысты.

Астанада Достық үйінде Аналар және Ақсақалдар кеңестері, «Ассамблея жастары» РҚБ филиалы жастары және түрлі этнос өкілдері көрісу күнін атап өтті, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Достық үйінде өткен мерекелік іс-шарада Ассамблея мүшелері Амал күнінде жасалатын рәсімді көрсетті. Көрісе келген қонақтар бір-бірімен амандасып, өз өнерлерін көрсетті, жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, ас-дәмдерін ұсынды.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Ырыскелді Қажы» мешітінің имамы Яхия қажы Исмаилов та қатысып, өз жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, бүгін елордада Амал мерекесіне орай білім беру ұйымдарында әртүрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында елордада 200-ге жуық іс-шара өтеді. Қала тұрғындары концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға және т.б. қатыса алады.