Қоғам

Қарағанды облысында көлік жүргізушісіне белгісіз ер адам пышақпен шабуыл жасаған

mir24.tv

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Әлеуметтік желілерде үсті-басы қан жоса болған адамның видеосы тарап кетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Massaget.kz тілшісі жағдайды анықтау үшін өңірдің Полиция департаментіне жүгінді.

Желіде тараған кадрларда көлік жүргізушісі Нұра ауданы Ахмет ауылының аялдамасында бір әйел қолын бұлғап тоқтатқанын, қасында ер адам болғанын айтады. Олар жүргізушіден Астанаға жеткізіп тастауды өтінген. Алайда жүргізуші адам алғысы келмей, есікті жапқан кезде ер адам оған пышақпен шабуыл жасай бастаған.

Бұл жайтқа қатысы бар күдікті ұсталған.

«Қарағанды облысы Нұра ауданында полиция қызметкерлері 14 наурызда аудан тұрғынына пышақ жарақатын салған күдіктіні ізін суытпай ұстады», – деп жауап берді Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сонымен қатар, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.