Жаңалықтар

Алматылық оқушылар Кипрде өткен чемпионатта жеңімпаз атанды

Турнир 25 команданы біріктірді: 18 жергілікті және 7 әлемнің түкпір-түкпірінен.

7-11 наурыз аралығында Алматы қаласының оқушылары Кипрдің Никосия қаласында өткен «FIRST Tech Challenge Cyprus 2024» халықаралық робототехника чемпионатына қатысты. Турнир 25 команданы біріктірді: 18 жергілікті және 7 әлемнің түкпір-түкпірінен.

Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға Алматы қаласынан «Sana team» командасы аттанған болатын. 10-11 сынып оқушыларынан құралған бұл командалардың құрамында: Білім Инновация Лицейінен – Тұрсынғали Әділ, Даулетқұл Арнар, Акипбек Осман, Дәулетұлы Алдияр, Смайл Дарын, Пахридин Аббас, Ыбрай Асылхан, Аширалин Илияс және М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясынан – Аманкелді Шолпан бар. Нәтижесінде алматылық оқушылар «THINK AWARD» және «Winning Alliance AWARD» номинацияларын жеңіп, бірінші орыннан көрінді.

Кипрде өткен сайысқа жолдаманы Қазақстаннан барған оқушылар осы жылдың қаңтар айында USTEM Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен «Daryn FIRST Championship» республикалық турнирінде олжалады.