Сенат вейпке қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

14 наурыз, 2024 / Анель Жарылғасын
Вейп. Фото: pixabay
Сенаттың ескертулері мен ұсыныстары салыстырма кестеге жинақталған.

Бүгін Парламент сенаты Қазақстанға вейптерді әкелуге және таратуға тыйым салатын заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

Айта кетейік, мұндай норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда қарастырылған.

"Бас комитет заңның жекелеген баптарын мақұлдамады, көрсетілген баптарын жаңа редакциясы мен заңды Мәжіліске қайтаруды ұсынып отыр. Осыған орай салыстырмалы кестеге үш түзету енгізілген", - деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Қаралған заң денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді шешуге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Заңды қарау барысында Сенат мыналарды:

Сенаттың ескертулері мен ұсыныстары салыстырма кестеге жинақталған

Тэгтер:

Заң Мәжіліс Сенат темекі вейп